Ақтөбе өңірінде өсімдіктер мен табиғатқа байланысты соңғы жаңалықтар мен зерттеулер.
Ақтөбе облысының флорасы шаруашылықта қолдануға пайдалы өсімдіктермен өте бай, олар табиғи жағдайда да, мәдени дақылдар қатарына қосылған кезде де үлкен пайда әкелуі мүмкін. Сондықтан осы өңірдің пайдалы өсімдіктерін зерттеу өте маңызды.Ақтөбе облысы дала мен шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бұл облыс 7 физикалық-географиялық аймаққа бөлінеді: Оңтүстік Орал, Приуральск-Торғай, Солтүстік Каспий, Торғай, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Каспий және Арал-Сырдария, Маңғышлақ-Үстірт-Красноводск аймақтары.Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсіптік маңызды аймақтарының бірі болып саналады және ботаникалық-географиялық тұрғыдан ерекше қызығушылық тудырады. Өңірде флораны қорғауды қажет ететін бірегей табиғи қауымдастықтар, бор массивтері, реликті ормандар мен батпақты аймақтар сақталған. Сонымен қатар, аймақтағы антропогендік әсердің артуы биоалуантүрлілікті қорғауды және өсімдік әлемін бақылау жүйесін құруды қажет етеді. Бұл мақсатта флорадағы пайдалы өсімдіктердің популяцияларын зерттеу, есепке алу және сақтау жұмыстарының маңызы зор. Сондықтан Ақтөбе облысының пайдалы өсімдіктерін зерттеу, әсіресе Magnoliopsida класына жататын түрлерін зерделеу маңызды болып табылады.
Ақтөбе облысының флорасында пайдалы өсімдіктердің көптігі туралы бірнеше ғылыми еңбектерде жазылған
Ақтөбе флористикалық округінің флорасын зерттеген ғалым С.А. Айпеисова жабайы өсетін 876 пайдалы өсімдік түрін анықтаған. Оның ішінде 593 түрі дәрілік өсімдіктер, 428 түрі мал азығына жарамды, 253 түрі сәндік мақсатқа пайдаланылатын, 238 түрі балшырынды, 141 түрі тағамдық және 114 түрі улы өсімдіктер екені белгілі болды .
Е.Т. Қазкеев өзінің «Ырғыз өзені жайылымының флорасы мен өсімдіктері» атты монографиясында 64 дәрілік өсімдік түрін зерттеді , ал А.А. Базарғалиева Қобда өзені аңғарының флорасын сипаттап, шаруашылық тұрғыдан 108 өсімдік түрін атап өткен.
Ақтөбе облысындағы флораның түр құрамын толық зерттеу барысында 92 жаңа флора анықталған. Бұл зерттеулердің ішінде Ақтөбе флористикалық подокругінде 63, Мұғалжар подокругінде 11, жалпы ауданда 18 жаңа түр тіркелген. Бұл өсімдіктер арасында желайдар, ветреничка алтайкая, шайқурай, мияжапырақ таспа сияқты түрлер бар . Бұл өсімдіктердің көпшілігі қос жарнақтылар класына жататын пайдалы өсімдіктер болып табылады.
Жалпы, осы деректер облыс флорасының түрлік құрамының өте бай екенін көрсетеді. Біздің зерттеуімізде Ақтөбе облысындағы флорада 8 класс тармағына жататын 1060 өсімдік түрінің ішінде, қос жарнақтылар яғни magnoliopsida класына жататын 701 түрі пайдалы деп танылған. Бұл өсімдіктердің әрқайсысы өзінің ерекшелігі мен пайдасын көрсетеді, және біз осы зерттеуде оларды жеке-жеке талдаймыз.