Ақтөбе өңірінде өсімдіктер мен табиғатқа байланысты соңғы жаңалықтар мен зерттеулер.
Ақтөбе облысының флорасы шаруашылықта қолдануға пайдалы өсімдіктермен өте бай, олар табиғи жағдайда да, мәдени дақылдар қатарына қосылған кезде де үлкен пайда әкелуі мүмкін. Сондықтан осы өңірдің пайдалы өсімдіктерін зерттеу өте маңызды.Ақтөбе облысы дала мен шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бұл облыс 7 физикалық-географиялық аймаққа бөлінеді: Оңтүстік Орал, Приуральск-Торғай, Солтүстік Каспий, Торғай, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Каспий және Арал-Сырдария, Маңғышлақ-Үстірт-Красноводск аймақтары.Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсіптік маңызды аймақтарының бірі болып саналады және ботаникалық-географиялық тұрғыдан ерекше қызығушылық тудырады. Өңірде флораны қорғауды қажет ететін бірегей табиғи қауымдастықтар, бор массивтері, реликті ормандар мен батпақты аймақтар сақталған. Сонымен қатар, аймақтағы антропогендік әсердің артуы биоалуантүрлілікті қорғауды және өсімдік әлемін бақылау жүйесін құруды қажет етеді. Бұл мақсатта флорадағы пайдалы өсімдіктердің популяцияларын зерттеу, есепке алу және сақтау жұмыстарының маңызы зор. Сондықтан Ақтөбе облысының пайдалы өсімдіктерін зерттеу, әсіресе Magnoliopsida класына жататын түрлерін зерделеу маңызды болып табылады.
Ақтөбе облысының флорасында пайдалы өсімдіктердің көптігі туралы бірнеше ғылыми еңбектерде жазылған
Ақтөбе флористикалық округінің флорасын зерттеген ғалым С.А. Айпеисова жабайы өсетін 876 пайдалы өсімдік түрін анықтаған. Оның ішінде 593 түрі дәрілік өсімдіктер, 428 түрі мал азығына жарамды, 253 түрі сәндік мақсатқа пайдаланылатын, 238 түрі балшырынды, 141 түрі тағамдық және 114 түрі улы өсімдіктер екені белгілі болды .
Е.Т. Қазкеев өзінің «Ырғыз өзені жайылымының флорасы мен өсімдіктері» атты монографиясында 64 дәрілік өсімдік түрін зерттеді , ал А.А. Базарғалиева Қобда өзені аңғарының флорасын сипаттап, шаруашылық тұрғыдан 108 өсімдік түрін атап өткен.
Ақтөбе облысындағы флораның түр құрамын толық зерттеу барысында 92 жаңа флора анықталған. Бұл зерттеулердің ішінде Ақтөбе флористикалық подокругінде 63, Мұғалжар подокругінде 11, жалпы ауданда 18 жаңа түр тіркелген. Бұл өсімдіктер арасында желайдар, ветреничка алтайкая, шайқурай, мияжапырақ таспа сияқты түрлер бар . Бұл өсімдіктердің көпшілігі қос жарнақтылар класына жататын пайдалы өсімдіктер болып табылады.
Жалпы, осы деректер облыс флорасының түрлік құрамының өте бай екенін көрсетеді. Біздің зерттеуімізде Ақтөбе облысындағы флорада 8 класс тармағына жататын 1060 өсімдік түрінің ішінде, қос жарнақтылар яғни magnoliopsida класына жататын 701 түрі пайдалы деп танылған. Бұл өсімдіктердің әрқайсысы өзінің ерекшелігі мен пайдасын көрсетеді, және біз осы зерттеуде оларды жеке-жеке талдаймыз.
Ақтөбе облысы флорасының өсімдіктер түрлерінің пайдалылығы бойынша жіктелуі.
|
Пайдалы қасиеттері |
Флорадағы барлық өсімдіктердің түр саны |
Түрлердің барлық санынан % |
|
|
1 |
Дəрілік өсімдіктер |
593 |
88,7 |
|
2 |
Сəндік өсімдіктер |
253 |
77,5 |
|
3 |
Бал шырынды өсімдіктер |
238 |
97,5 |
|
4 |
Техникалық өсімдіктер |
208 |
90,8 |
|
5 |
Тағамдық өсімдіктер |
141 |
82 |
|
6 |
Улы өсімдіктер |
114 |
94,7 |
Жоғарыда айтылған бұл кластың дəрілік маңыздылығы бар түрлерінің ішінде ресми жəне халық медицинасында қолданылатын, сонымен қатар сирек кездесетін жəне жойылып кету қауіпі бар кейбір тұқымдастардың, туыс пен түрлері 2-кестеде берілген. Олар жалпы Magnolіopsіda класының дəрілік өсімдіктерінің 13 тұқымдасының, 21 түрін қамтиды.
Жасалған талдау барысында өңірдің, адам қажеттілігіне қолданылатын əр түрлі қасиеттерге ие 876 түрінің 701 түр өкілі, яғни басым көпшілігінің Magnolіopsіda класына жататыны анықталды.Өңірдің пайдалы өсімдіктер флорасында кездесетін Magnolіopsіda класының 530 түрі, яғни 50% жуығы дəрілік өсімдіктер қатарына топтастырылады. Дəрілік өсімдіктер тобына тіркелген барлық өсімдіктердің 99 түрі, яғни 18,67% ресми медицинада қолданыс табады. Жалпы санда берілген 431 түрі (81,3%) тек халық медицинасында қолданылатыны белгілі болды.Флорадағы сирек жəне жойылып бара жатырған түрлерді қарастырудың мəні ерекше. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, барлық дəрілік өсімдіктер деп тіркелгендерден 70 түр ( 13,2% ) осы санатқа жатады.
Кесте 2 – АФО-нің Қос жарнақтылар лат.Magnolіopsіda класының, ресми жəне халық медицинасында қолданылатын жəне сирек кездесетін жəне жойылып кету қауіпі бар кейбір тұқымдастардың, туыс пен түрлері.
|
Атаулары |
Статусы |
Экологиялық топ |
Кездесу аймағы |
|
Тұңғиықтар тұқымдасы |
|||
|
Nuphar lutea (L.) Smith Кəдімгі сарытұңғиық |
3б (R) |
гидрофил |
Көлдерде, өзендерде, ескі арналарда |
|
Сарғалдақтар тұқымдасы |
|||
|
Adonis vernalis L. Көктем жанаргүлі |
3б (R) |
ксеромезофил |
Далаларда, орман шоқтарының шетінде |
|
Delphinium elatum L. Биік тегеурінгүл |
3б (R) |
мезофил |
Қайынды-теректі ормандарда, өзен аңғарларында |
|
Көкнәр тұқымдасы |
|||
|
Chelidonium majus L. Үлкен сүйелшөп |
3б (R) |
мезофил |
Шағын ормандарда, өзен жағалауында, тау-тасбеткейлері |
|
Қайыңдар тұқымдасы |
|||
|
Almus glutinosa (L.) Gaertn. Жабысқақ қандағаш |
3б (R) |
Мезогиграфил |
Өзен-көлдердің, жылғалардың жағалауы, сайларда |
|
Betula pendula Roth Қотыр қайың |
3б (R) |
Мезофил |
Тау беткейлері, етектері, дала |
|
Betula pubescens Ehrh. Имек қайың |
3б (R) |
Гигромезофил |
Ылғалды орманда, орман шетінде |
|
Шайқурайлар тұқымдасы |
|||
|
Hypericum perforatum L. Шілтержапырақ шəйқұрай |
3б (R) |
ксеромезофил |
Ылғалды шалғындар, өзен аңғарлары, шалғындар |
|
Көкбұта тұқымдасы |
|||
|
Oxycoccus palustris Pers. Төрткүлте мүкжидек |
2б (U) |
Гидрофил |
Сфагнумды батпақтар |
Статус 2б (U) – облыста кездесетін осал субэндемикалық түрі.
Статус 3б(R) – ареалы айтарлықтай кең, бірақ зертеліп жатқан аймақта сирек кездесетін, бұрыннан қалған (реликті) түрлері.
Ақтөбе облысының бұл класқа жататын жабайы өсетін, сəндік қасиеті бар өсімдік- тердің 196 түрі бар екені анықталды. Олардың ішінде мəдени өсімдіктер қатарына енгізуге перспективалы əдемі гүлдейтін өсімдіктер бар. Оларға Желайдар , Қалампыр, шөлдік шырмауық, Ашық құндызшөп , Шегіршін ,жəне т.б. жатқызуға болады. Бал шырынды өсімдіктердің басым бөлігі Раушангүл тұқымдасы жəне бұршақ тұқымдасына жататыны белгілі. Олар: Дала шиесі , батпақ мажыра , қара жемісті ырғай ,черемуха , гүлбұршақ, талбұршақ, ұсақшілік , түйежоңышқа , иіртіс түйежоңышқа жəне т.б.
Жалпы мақала мазмұнына жинақтап берілген осы шолу нəтижесін, Ақтөбе облысы- ның табиғи ресурстарын пайдалану жəне табиғатты қорғау мəселелерін шешуде мақсатты түрде пайдалануға толықтай болады.