Дәрілік шөптермен сабын жасау — халық медицинасында кеңінен қолданылатын әдіс. Сабынның құрамында болатын шөптер мен майлар теріге пайдалы, бактериялар мен микробтарды жоюға көмектеседі.
Сабынның жасалу жолы:
Мыльная основа - негізгі бөлігі!90 грам основаны алып ұсақтап бөліп, микроволновкада 40 секунд ұстаймыз.Сұйыққа айналған соң 3-4 тамшы пигмент тамызамыз, пигмент сабынның түсін шығару үшін керек. Оның үстіне 3-4 тамшы отдушка тамызамыз,сабынға иіс беру үшін керек. Шыққан сұйықтықты жалбызбен араластырып формаға құямыз, көпіршіктері болмас үшін 1-2 рет этиль спіртін сеуіп жіберемі. 3 сағат тұрған соң з кеуіп қатып қалады.Бірнеше жасалу жолдарын қарастырсақ болады.
1.Түймедақ пен шалфей гүлдерін блендерден өткізіп, маймен араластырыңыз.
2.Календула гүлдерін зәйтүн майына салып, 1-2 апта тұндырыңыз.
Сабынды жасауды менімен бірге үйрен!
https://www.instagram.com/reel/DBW5UAdoWJI/?igsh=MXUxdzR6OWNvYWg2NA==
Емдік шөптердің қолданылуы:
• Тыныс алу жүйесін жақсарту: Ақтөбе облысында жиі кездесетін шалфей, шайқурай, балдырған сияқты шөптер тыныс алу жолдарын тазартуға, жөтел мен бронхитті емдеуге көмектеседі. Оларды тұнбалар мен шайлар түрінде пайдалану тиімді.
• Асқазан мен ішек ауруларын емдеу: Жусан, қарақат, сарымсақ-бала сияқты шөптер асқазан мен ішек ауруларын емдеуге қолданылады. Бұл өсімдіктердің тұнбалары мен қайнатпалары асқазан-ішек жолдарын қалпына келтіруге, қабынуға қарсы әсер етеді.
• Жүйке жүйесін тыныштандыру: Валериан, жасыл шай, жалбыз сияқты өсімдіктер жүйке жүйесін тыныштандырып, стресске қарсы көмектеседі. Бұл өсімдіктер көбінесе ұйқысыздық, күйзеліс, нервтік бұзылуларды емдеуде қолданылады.


Ақтөбе аймағында өсетін дәрілік өсімдіктерден үй жағдайында табиғи дәрі-дәрмектер жасау туралы кеңестер.
Шай және тұнбалар жасау:

1. Шайқурай (Hypericum perforatum) шайы.Стресс пен күйзелісті жеңілдету, ұйқысыздықты емдеу үшін тиімді. Шайқурайдың шайын ыстық суға салып 10-15 минутқа қалдырыңыз.
2.Түймедақ шайы:1 шай қасық түймедақ гүлдерін 1 стақан қайнаған суға салып, 10-15 минут тұндырыңыз. Бұл шайды жүйке жүйесін тыныштандыру үшін, асқазан проблемаларын емдеу үшін ішіңіз.
3. Шалфеймен ауызды шаю:Шалфейдің қайнатпасын ауызды шаю үшін қолдансаңыз, тіс ауруларын жеңілдетуге және тыныс жолдарын тазартуға көмектеседі.
4.Календула тұнбасы:2 ас қасық календула гүлдерін 1 стакан спиртқа салып, 2 апта бойы тұндырыңыз.Бұл тұнбаны қабыну мен тері ауруларына қарсы компресс ретінде қолдануға болады.
5. Жусан (Artemisia) тұнбасы:Қабынуға қарсы, асқазан мен ішек ауруларын емдеуде пайдалы. Тұнбаны күнделікті 10-15 тамшыдан суға араластырып ішіңіз.
